11 мау, 2018 сағат 08:53

СІМ Қытай азаматтары үшін визаны алып тастау туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілерде Қытай азаматтары үшін визаның алынып тасталатыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері Қытаймен визасыз режим болатыны жайлы мәліметті жалған деп атады.

"Қазақстан Қытаймен визасыз режим жайлы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Мессенджерлерде Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілетіні жайлы мәліметтер жалған", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері қазақстандық тараптың қытайлық тараппен Қазақстан азаматтары үшін визасыз кірудің мерзімін ұзарту жөнінде белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтып өтті.

"Жан-жақты ынтымақтастық пен екі тараптың мүдделеріне құрмет білдіру негізінде осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілдері.