Көрнекі сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден келісімшарт негізінде қызмет атқаратын әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды "Казинформ" Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жексенбіде, 13 қазан күні болған."Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде суицид жасаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.