30 мау, 2018 сағат 12:47

Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

30 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ та болуы мүмкін. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы  күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 16 метр секундқа күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында  желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, кей жерлерде аптап ыстық болады.

Алматы облысында, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.