04 шіл, 2018 сағат 11:07

Сағынтаев Татарстан Президентімен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымына және Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелуге қатысу үшін келген Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарлары, сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру келешегі талқыланды.

Бұдан өзге, кездесу қатысушылары білім беру және өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарады. Б. Сағынтаев Қазақстанға Татарстанның цифрлық сервистік қызметтерді енгізу мен ақпараттық технологияларды дамытудағы тәжірибесі қызығушылық тудыратынын мәлімдеді.

Өз кезегінде, Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстанның экономиканың түрлі салаларындағы тиімді ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.