01 там, 2017 сағат 11:49

Сағадиев: Биыл әкімдердің білім гранттары беріледі

10 тамызға дейін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді тапсырып шыққандар арасында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау шаралары жүргізіледі, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылда гранттардың саны артып отыр. "Бакалавриатта 6 мыңға, магистратурада 2,5 мыңға, ал докторантура бойынша берілетін мемлекеттік гранттар екі есеге артады. Бұдан бөлек, биыл алғаш рет жергілікті билік органдарының гранттары тағайындалады", - дейді Сағадиев.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында министр Сағадиев жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, 14 мың мектеп түлегі тестті тапсыра алмады.