Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канадада өткен кәсіпқой бокс кешінде Мексика өкілін нокаутпен жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бірінші орта салмақ өкілдері Садриддин Ахмедов пен Густаво Гарибай (13-10-2, 5 КО) арасындағы жекпе-жек алты раундқа шақталған болатын. Алайда бесінші раундтағы Ахмедовтің бет қаратпаған екпініне қарсы тұруға қауқарсыз болған мексикалық боксшы нокаутқа түсті.
Ал, әуесқой бокста жастар арасындағы әлем чемпионы осымен үшінші жеңісіне қол жеткізді. Оның барлығында қарсыластарын нокаутқа жіберген. Ал Густаво Гарибай он бірінші рет жеңілді.