20 ақп, 2023 сағат 15:35

Роза Рымбаева немерелі болды

Фото: Instagram/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов ұлды болды. 

Бұл туралы әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, жаңа туған нәрестеге Зейін деген есім қойылған.

Сондай-ақ, қуанышты хабарды танымал әнші Мақпал Жүнісова да бөлісті.

"Роза Қуанышқызы, қуанышыңыз құтты болсын! Әже болуыңызбен, бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын", - деп жазды ол Instagram парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерген еді.