24 шіл, 2018 сағат 09:59

Роналдудың физикалық дайындығы дәрігерлерді таңғалдырды

Португалия құрамасы мен Туриндік "Ювентус"-тің шабуылшысы Криштиану Роналдудың физикалық жағдайы 20 жастағы жігіттің денсаулығымен бірдей. Бұл туралы beIN SPORTS тілшісі Маттео Бонетти Twitter желісінде жазған.

33 жастағы португалиялық ойыншы туриндік клубта медициналық тексеруден өтті. «Роналдудың денесіндегі майдың үлесі - 7%. Әдетте, оның жасындағы спортшыларда бұл көрсеткіш орташа 10-11% аралығында болады. Бұлшықеттері дене салмағының 50 пайызын құрайды (орташа көрсеткіш - 46%)», - деп таңғалды оны тексерген дәрігерлер.

Сонымен қатар, Marca басылымының жазуынша, 2018 жылғы Әлем чемпионатында Роналду сағатына 33,98 километр жылдамдықпен жүгіріп, турнирдегі ең жүйрік ойыншы атанған болатын.

Бұдан бөлек, Роналду топтық кезеңнің алғашқы турында Испания қақпасына үш гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен хет-трик авторы болды.

Роналду 10 шілдеде мадридтік "Реалдан" туриндік "Ювентус" сапына ауысқан болатын. Келісімшарт құны - 112 миллион еуро.

Таблоидтты ақпаратқа байланысты, Туриндық клубта Роналдуның жалақысы жылына 30 миллион евро болады. БАҚ өкілдерінің санағы бойынша, португалдық секундына бір евроны қалтасына түсіріп отырады. Мемлекеттер арасында қол қойылған мәміле төрт жылға созылатын болады. 

Бір қызығы, ол «Ювентусқа» ауысқаннан кейін, туриндік клубтың акциялары 35% қымбаттады, ал «Реал Мадридтің» Туиттерінен миллионға жуық жазылушы шығып кетті. «Ювентустың» Роналдуға берілген 7-ші нөмірлі жейделері сатылымға шыққан соң, алғашқы тәулікте ойыншы трансферлік құнының жартысына жуық қаржы жиналған.