29 сәу, 2023 сағат 16:05

Президент «Jibek Joly» телеарнасына барды

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін «Jibek Joly» телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды.


Президентке Телереадиокешеннің Бас директоры Раушан Қажыбаева Ultra HD форматында лайф режимде хабар таратуға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық заманауи құралдар қолданылған студия жабдықтарын көрсетті.

Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңыздылығын және олардың кәсібилігін атап өтті. Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.