22 мау, 2018 сағат 09:46

Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

29 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 29 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», делінген Мәжіліс төрағасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған өкімінде.