07 там, 2018 сағат 07:41

Назарбаев Павлодардағы екі бірдей ауданның атауын қазақшалады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының

                Президентi                                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 тамыз                    

             № 724