31 мам, 2018 сағат 09:35

Назарбаев Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген хабарламада.

Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов 1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы Мерке ауданының Мерке ауылында туған.

1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, заңгер. Заң ғылымдарының докторы.

1983 – 1990 жылдары — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті.

1990 – 1991 жылдары — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.

1991 – 1994 жылдары — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, Төраға хатшылығының меңгерушісі.

1994 жылдың ақпан айынан маусым айына дейін — Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі.

1994 – 1997 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнамалық бастамалар және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.

1997 – 2000 жылдары — Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2000 – 2002 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.2002 – 2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2003 – 2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

2005 – 2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2009 – 2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2011 – 2013 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі.

2013 жылдан – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісіжәне Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.

II, III дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасының Медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Үйленген, екі баласы бар.