© Sputnik / Тимур Батыршин
Қазгидромет синоптиктері 21-24 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады", - делінген хабарламада.