04 шіл, 2018 сағат 11:02

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мереке күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің орталық, солтүстік, батыс облыстарында алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.

"Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыс облыстарында болған аномальды ыстық ауа-райымен байланысты антициклон жылжыды. Сондықтан алдағы демалыс күндері солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарында ыстық және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарда максималды температура плюс 30…38 градусқа дейін, орталық және орталық-шығыс облыстардың кей жерлерінде плюс 40…43 градусқа дейін жоғарылайды. Ал батыс облыстарға атмосфералық фронттар жылжып, соларға байланысты кей жерлерде найзағайлы және екпінді желді өткінші жаңбыр, сондай-ақ, күндіз ыстықтың 30…36 градусқа дейін әлсіреуі күтіледі, бірақ Маңғыстау облы-сында 40 градустық ыстық әлі де сақталады", - деді синоптиктер.