Фото: ашық дереккөз
Бейнеу ауылында 1 сәуір күні 9-12 жас аралығындағы 11 оқушы жүрек айну, құсу және әлсіздік белгілерімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Олар 2, 3 және 5 сыныптарда оқиды, деп хабарлайды Ult.kz.
Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаларда асқорыту жүйесінің бұзылысы – функционалды диспепсия анықталған.
Азық-түлік үлгілері зерттеуге алынып, тексеру жүргізілуде. Балалардың қазіргі жағдайы тұрақты.