27 сәу, 2018 сағат 10:30

Мамырда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамыр айына консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жалпы, мамыр жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында жауын-шашын нормадан  аз түседі.

Ауаның орташа айлық темпертурасы Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мөлшерден 1°С жоғары  болады, ал қалған аймақтарда нормадан аспайды.

"Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынын басым бөлігінде, Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде  мөлшерден көп  болады, ал қалған аймақтарда мөлшер шамасында", – деп хабарлайды синоптиктер.