Қазақстандық боксшы Василий Левит Астанада өткен ҚР Президенті Кубогының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Левит ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсете отырып, бірінші раундта-ақ қытайлық Ванг Жибаоны нокаутқа түсірді. Бұл қазақстандық боксшы үшін Президент Кубогындағы мерзімінен бұрын жеткен екінші жеңісі болып отыр. Левит 1/8 финалда екінші раундта Үндістаннан келген Санжетті нокаутқа түсірген болатын.