Латвия полициясы Қазақстан азаматы Асылбек Мусинге қатысты қылмыстық істі жапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Латвияның полициясы хабарлағандай, оқиғада қылмыс белгілері тіркелмегендіктен, іс жабылған», - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусиннің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді. Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған.