07 нау, 2023 сағат 16:05

Қытайдағы қандастар Джеки Чанға тұлпар мінгізді - видео


Желіде әлемге танымал актер Джеки Чанның Қытайда тұратын қазақтармен кездесіп, ән айтқан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бейнежазбада актердің Дәлелхан Әділбекұлының "Ақ шашу" әніне қосылып тұрғанын байқауға болады.

Qazaqstan 24/7 Telegram-арнасының мәліметінше, Джеки фильм түсірілімі үшін Іле Қазақ автономиялық облысына барған. Жергілікті қазақтар өнер иесін сән-салтанатпен қарсы алып, оған шапан жауып, жылқы сыйға тартқан.