03 қыр, 2018 сағат 15:45

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министр Әсет Ирғалиевті таныстырды.

Тимур Сүлейменов жаңа орынбасардың кандидатурасын таныстыра келіп, оның алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету тұрғанын айтты.

Министр жаңа орынбасардың жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қолданатындығына сенім білдірді. 

Әсет Ирғалиев Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау  институтының  (КИМЭП)  мемлекеттік саясат экономика саласында бакалавр  дәрежесінде үздік тәмәмдады  (Алматы, Қазақстан).  Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін  халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен (Jönköping University, Швеция), Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен (University of York, Ұлыбритания), Ноттингем университетін экономикадағы философия магистрі дәрежесімен  (The University of Nottingham, Ұлыбритания) аяқтады.

Әсет Ирғалиев Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің PhD докторы дәрежесін иемденген (Лондон, Ұлыбритания).

Еңбек жолын Лондондағы Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша экономика департаментінің аумақтық экономисті ретінде бастаған.

2013 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы маусым аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып қызмет істеген.

2017 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалауды басқару орталығында жұмыс істеді.

Вице-министр қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалауды басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарды.