Фото:gov.kz
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.
"6 мамырда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ғана жұмысқа шығады. Бұл күні олар азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 10 мамырдағы мерекелерден кейін барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.