Фото: Ақорда
Қазақстан мен Ресей басшылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы мемлекеттік университеті (ОмМУ) базасындағы филиалын ашу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Ресейдегі алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны филиалына абитуриенттерді қабылдау келесі жылдың қыркүйегінде басталады. Студенттерді оқыту үшін 200 грант бөлінді.
Филиалда «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистранттар дайындалады.
Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарланған. Студенттерді ҚазҰУ, ОмМУ оқытушылары және шетелдік ғалымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытатын болады.
Қазіргі уақытта он оқу-әдістемелік кабинет, басшылық пен профессор-оқытушылар құрамы үшін бес кабинет, жеті оқу аудиториясы және коворкинг-орталықтар дайындалған.