«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы болып Думан Қожахметов тағайындалды.
Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңадан тағайындалған Басқарма төрағасы Думан Қожахметовты таныстырды.
Айта кетсек, Думан Қожахметов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттің университетінің «БАҚ экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім алған.
Сондай-ақ ол «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамында, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымында және жеке медиакомпанияларда басқарушы қызметтерде еңбек еткен. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.