18 шіл, 2018 сағат 16:19

«Қазгидромет» РМК еліміздің 4 өңірінде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК еліміздің 4 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, 19 шілде күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Бұршақ күтіледі.

19 шілдеде Ақтөбе облысы кей жерлерінде найзағай болады. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетуі ықтимал. Ақтөбе қаласында 19 шілде күні түнде найзағай күтіледі.

19 шілдеде тәулік бойы Түркістан облысының жекелеген аумақтарында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, оған шаңды дауыл араласады. 21 шілдеге дейін өңірдің басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық болады.

19 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде, 20-21 шілде күндері кей жерлерде 43 градусқа дейін ыстық күтіледі. 19-21 күндері аралығында таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с екпінде жел соғып, шаңды дауыл тұрады.