Синоптиктер ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, қатты жел соғатынын ескертті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.
Астанада күндіз 8 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
8 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде 8, 9 маусымда найзағай тұрып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел; 9 маусымда шаңды дауыл, бұршақ, түнде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метрге дейін жел шаңды дауылмен күшейеді.
Шымкентте 8 маусымда күндіз найзағай күркіреп, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлі желдің күшеюі күтіледі.
9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қарқынды, сулылықтың жоғарылауы және тасқын болуы мүмкін.