30 там, 2018 сағат 15:00

Қазақстанның бес облысында күн суытады

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидрометтің мәліметінше, 31 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысында  солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Петропавлда 31 тамыз күні солтүстіктен жылдамдағы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 қыркүйек күндері түнде ауа райы 3°С дейін суытуы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.

1-2 қыркүйек күндері түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін күн суытады.

1-2 қыркүйек күндері түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 2-3 қыркүйекте түнде Қарағанды облысында, 3 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа райы 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Астана қаласында 1-2 қыркүйек күндері түнде топырақ беті 2 градусқа дейін тоңазуы мүмкін.