10 қыр, 2018 сағат 11:11

Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болып, үсік жүреді

Синоптиктер 11-13 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жаздағыдай жылы болса, республиканың қалған аумақтарына күз келді.

11-13 қыркүйекте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, соңы қарға ұласуы ықтимал, сондай-ақ 1-3°С суық болады.

Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4°С төмен болуы ықтимал, тек батыс пен оңтүстікте климаттық нормадан жоғары болады.