03 қыр, 2018 сағат 11:17

Қазақстанның басым аумағында күн суытады

Карск теңізінен көтерілген суық ауа массалары қыркүйектің алғашқы күндері Қазақстанға жетіп, республиканың біршама облыстарында ауа райының күрт төмендеуіне себеп болды. Бұл күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде үсік болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК берген мәліметтерге қарағанда, суық әрі ауқымды антициклон Қазақстанның басқа өңірлеріне де тарағандықтан, суық ауа райы сақталады.

Республика облыстарының көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады, тек батыста ғана нормадан 2-4°С жоғары болуы мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсіп, көру мүмкіндігі 500 метрден аз болуы ықтимал.