Республиканың 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түркістан облысында 11 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Тәулік ішінде кей жерлерде шаңды дауыл болып, түнде кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күшейіп, күндіз өңірдің басым көпшілігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге жетеді деп күтілуде.
Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.
Қостанай облысында 11 тамызда кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Желдің екпіні секундына 25 метр болады.
Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.
Солтүстік Қазақстан облысында 11 тамызда түнде солтүстік-батыстан кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін, күндіз секундына 15-20 метр, кей жерлерде жылдамдығы секундына 25 метр болатын жел соғуы ықтимал.
Петропавл қаласында 11 тамызда солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғуы мүмкін. Күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.
Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.
Жамбыл облысында 12 тамызда кей жерлерде қатты жауын-шашын болып, 11 тамыз күндіз, 12 тамыз тәулік бойы найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. 12 тамызда дауыл тұрып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа қарай ығысады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге барады.
Тараз қаласында 11 тамызда күндіз, 12 тамызда тәулік бойы ара-тұра найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. 12 тамызда дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыс жел оңтүстік-батысқа қарай ығысады. Екпіні -сеукундына 15-20 метр айналасында болады.
Дауыл тұру ықтималдығы - 80-90%.
ШҚО-ның таулы өзендерінде 12-13 тамызда және Алматы мен Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашынның болжалуымен байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Ақтөбе облысында 11 тамызда кей жерлерде найзағай түсуі мүмкін.
Ақтөбеде 11 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 18 метрге жететін жел соғуы ықтимал.