2018 жылғы 2-4 тамыз күндері Қазақстанның өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республика аумағына Кар теңізінен ауысып келген циклон Қазақстан облыстарының басым көпшілігінің ауа райына ықпалын тигізеді. Осыған байланысты алдағы үш тәулік бойы найзағай аралас жаңбыр жауады, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік бөлікте 7-15 градусты көрсетеді, ал оңтүстік аймақтарда 15-23 градус жылы болады.