Синоптиктер 20-22 қыркүйек аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бірнеше күнге жалғасқан жылы және құрғақ ауа райынан кейін республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен циклон келетін болады. Сондықтан, алдағы үш тәулікте солтүстік, сондай-ақ орталық облыстардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, 22 қыркүйекте қатты жауын-шашын болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Циклонмен байланысты суық ауа ағындарының ықпалымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы осы кезеңдегі қалыпты температурадан 2...4°С төмен болады.