«Казгидромет» РМК 29 сәуір 2 мамыр аралығына жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сәуірдің соңғы күндері атмосфералық ауа ағындарының әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауады деп күтілуде.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық өңірлер жоғары атмосфералық қысым алаңында болғандықтан жаңбыр кей жерлерге ғана жауады.
Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 22...33 градусқа дейін жетеді», - деп жазылған хабарламада.
1-2 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал.