21 қыр, 2018 сағат 10:57

Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады

Синоптиктер Қазақстандағы 22-24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Күзгі күн мен түннің теңесуі күні астрономиялық күз басталады. Осыған байланысты, республиканың басым облыстарында жаңбырлы әрі суық ауа райы күтіледі. Бұл Қазақстанға Батыс Сібірден ығысатын салқын атмосфералық фронттар мен циклонға байланысты», делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.

Тек республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыстан келген тропосфералық ағындар мен жоғары атмосфералық қысымға байланысты ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.