11 сәу, 2018 сағат 18:01

Қазақстанда бензин арзандауы мүмкін

Қазақстанда бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметі брифингінен кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Бензин тапшылығы жоқ. Менің ойымша, бензин бағасы төмендеуі мүмкін, себебі Қазақстанда бензин жетіп артылады", - деді министр журналистер сұрағына.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Халық барысы» республикалық турнирінің басталуына арналған баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдері министрге Қазақстан фермерлер одағының «жанар-жағармай тапшылығы болып, баға көтерілуі мүмкін» деген алаңдаушылығын жеткізген болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарына тоқтатылған еді. Зауыт мамыр айында толық қуатында жұмыс істей бастайды.