18 мау, 2018 сағат 10:25

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Бірінен кейін бірі келетін циклондар мен онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары салдарынан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің болжамында. 

Ауа температурасы солтүстік өңірлерде нормадан 1-3 градус төмен, ал қалған аумақтарда 3-5 градус жоғары болады.