Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның батыс облыстарындағы аптап ыстыққа себеп болған антициклон алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын циклонның әсерінен шығысқа жылжиды.
4-5 шілде аралығында өңірдің кей жерінде найзағай, өткінші жаңбыр, екпінді жел болып, ыстықтың беті қайтады.
Антициклонның шығысқа жылжуына байланысты республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райы орнайды. Бұл өңірлерде күндізгі температура плюс 30…35°С-ге дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С-ге дейін жоғарылайды. Бұл әдеттегіден 4…7°С жоғары.
Атмосфералық фронттардың ықпалынан шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай ойнап, жаңбыр сақталады, таулы аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін.