27 ақп, 2023 сағат 16:25

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Сурет: kaznovosti.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте жылу мен ылғалдың мол қоры бар Атлантикалық циклон ықпал етіп, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел, ал республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран мен қатты жауын-шашын тудырады. 

Тек оңтүстік-шығыста, ал 28 ақпан - 1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады. Елдің солтүстік жартысында термометр бағаны күндіз 3-5 градус жылы, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0-10 аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.