Қазақстан қорғаныс қабілетінің шығындарын 20%-ға арттырды: осы жылдың екі айында әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды, деп хабарлады Finprom агенттігі.
Қаңтар-ақпанда мемлекеттік бюджеттен қарастырылған жалпы шығын 1,9 триллион теңгеге жетті.
"Оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанында қорғанысқа 78,9 миллиард теңге бөлінді, бір жыл бұрын 65,9 миллиард теңге жұмсалған болатын (өсім — 19,8%)", — деп жазылған хабарламада.
2017 жылы жергілікті бюджеттер қорғанысқа 30 миллиард теңгеге тарта қаржы бөлген. Бұл салаға ең көп қаржыны Қазақстанның үш өңірі құйды: Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
• Алматы — 5,3 миллиард теңге;
• Алматы облысы – 4,1 миллиард теңге;
• Оңтүстік Қазақстан облысы — 3,4 миллиард теңге.