18 қыр, 2018 сағат 12:27

Қаржы министрі сараң болуы керек - Бақыт Сұлтанов

Экс-министр Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Қазіргі кезде ҚР Қаржы министрінің міндетін оның бұрынғы орынбасары атқарып жүр, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жаңа қаржы министріне алдымен даналық тілеймін. Бүгінде қауіп-қатерлер көп. Сол себепті талап та күшті. Сырттан келетін қауіп-қатерлер бар. Елдің ішінде де біраз мәселелерді шешу керек. Сондықтан қаржы министрі қашан да салмақты болуы тиіс. Әрине, қыңыр мінез де, сараңдық та болуы шарт. Сосын елдің қаржылық жағдайын дамыту үшін қырағылық та аса қажет. Енді, қаржы жүйесі ағзаның қан айналымы іспетті. Сондықтан аталған функцияның маңызы зор», - деді Б.Сұлтанов Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін.
Айта кетейік, журналистерге сұxбат берген қала әкімі ең алдымен қай мәселеге мән беретінін де айтып берді.
«Әрине, бұл жұмыс өте қызықты. Бір жағынан жоғары талаптар қойылып отыр. Себебі Астана өсіп келеді, xалықтың саны да көбейіп жатыр. Сондықтан қызмет көрсету сапасын да арттыру қажет. Өткен аптада Елбасы активпен болған кездесу кезінде біраз мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде елорданы дамытудың жаңа моделін әзірлеу міндеті бар. Осыған байланысты әкімдік қысқа уақыттың ішінде Астананы дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын ұсынуы қажет. Біз осы жұмысты бастап кетті», - дейді Б.Сұлтанов.