18 ақп, 2023 сағат 09:45

Instagram-да жаңа функция пайда болды

Фото: superg.ru

Instagram әлеуметтік желісінде ерекше функция пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы techcrunch.com сайтына сілтеме жасап. 

Енді Instagram желісінде Telegram-дағыдай арналар пайда болды. Онда хат, сурет, видео алмасып, сауалнама жүргізу мүмкіндігі болады.  

Бұл туралы Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг хабарлаған. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ашылған алғашқы арнаның бірі компания басшысының арнасы болды.

Әзірге "Арналар" кейбір қолданушыларда ғана (негізінен АҚШ тұрғындарына) қолжетімді. Алдағы уақытта бұл режим барлық қолданушыда пайда бола бастайды.