06 нау, 2023 сағат 13:23

Иманбектің суреті Times Square-дегі алып экранда көрсетілді

Фото: Instagram/imanbekmusic

Танымал қазақстандық диджей, "Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің суреті Times Square-дегі алып экранда көрсетілді. Бұл хабарды музыкант өзінің Instagram парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Экранда Иманбек пен американдық әнші Тревор Дэниелдің "In The Morning" деп аталатын жаңа әні жарнамаланған.

Отандасымыз суретті орналастырғаны үшін 300 Entertainment және Effective Records дыбыс жазу студияларына алғыс білдірген.

Айта кетейік, Бродвей мен Жетінші авеню орналасқан Times Square - әлемдегі ең көрнекті орындардың бірі. Бұл жер "әлем қиылысы" деп аталады, ол - Нью-Йорк пен Америка Құрама Штаттарының символы.