02 мау, 2021 сағат 01:24

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасының финалдық кезеңдегі қарсыластары анықталды


Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла және Коста-Рика құрамалары. 

Өзге топтардағы құрамалар төмендегідей бөлінді:

B тобы: Ресей, Өзбекстан, Гватемала, Египет;

C тобы: Тайланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары;

D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия;

E тобы: Ангола, Жапония, Парагвай, Испания;

F тобы: Аргентина, АҚШ, Сербия, Иран.

Әрбір топта алдыңғы екі орынға ие болған құрамалар плей-офф кеезңіне тікелей жолдама алады. Ал төрт құрама үздік нәтижеге қол жеткізген үшінші орындардағы құрамалар арасынан анықталады. 

Әлем чемпионаты 2021 жылдың 12 қыркүйек және 3 қазан аралығында Литвада өткізіледі. 

Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңіне 2000, 2016 жылдары екі мәрте қатысты. 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.