ФИФА қыркүйектегі халықаралық матчтардың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Грузиядан жеңіліп, Андоррамен тең түскен Қазақстан құрамасы өткен рейтингпен салыстырғанда екі орынға төмен түсіп, 118-орынға жайғасты. Қазақстанның алдына Намибия мен Зимбабве шықты.
Үздік ондықтағы өзгерістер: бельгиялықтар француздарды қуып жетіп, енді ФИФА рейтингінде бірден 2 команда көш бастап тұр. Алғашқы үштікті Бразилия құрамасы тұйықтаған.
20 қыркүйектегі ФИФА рейтингі:
1 (2). Бельгия - 1729 ұпай
1 (1). Франция- 1729
3 (3). Бразилия - 1663
4 (4). Хорватия - 1634
5 (5). Уругвай - 1632
6 (6). Англия - 1612
7 (7). Португалия - 1606
8 (8). Швейцария - 1598
9 (9). Испания - 1597
10 (11). Дания - 1581