Алдағы күндері Ақтөбе мен Қызылордададан басқа өңірлерде бұлтты ауа райы болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, атмосфералық бұлттардың салдарынан алдағы үш тәулікте бұлтты ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.
Ақтау
Ақтауда 14-16 мамыр аралығында көшпелі бұлт, ауа температурасы күндізгі уақытта +26...+28 градус, ал түнде +15...+17 градус болады.
Ақтөбе
Ақтөбеде 14-15 мамырда ашық ауа райы күтіледі. Бірақ 16 мамырда көшпелі бұлт болуы мүмкін. Ауа температурасы күндізгі уақытта +20...+23 градус, ал түнде +3...+7 градус болады.
Атырау
Үш күн бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +20...+27 градус, түнде +14...+17 градус аралығында болады.
Жезқазған
Күндізгі уақытта ауа температурасы +15...+17 градустан +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Түнде ауа температурасы +3...+5 градустан +10...+12 градусқа дейін көтеріледі.
Қарағанды
Қарағандыда 14 мамырда түнгі уақыттарда - 0...+2 градус салқын болады. Бірақ 16 мамырда ауа температурасы +7 градусқа дейін жоғарылайды.
Қостанай
Қостанайда 14 мамырда күндіз ауа температурасы +18...+20 градустан +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Бірақ түнгі уақытта ауа температурасы 0...+2 градустан +5...+7 градусқа дейін жоғарылайды.
Қызылорда
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қызылордада ауа райы жылы болады. Ауа температурасы күндізгі уақытта +23...+26 градус, ал түнде +11...+13 градус болады.
Көкшетау
14 және 15 мамырда жауын-шашынсыз ауа райы болады. 16 мамырда ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Түнде ауа температурасы +5 градустан аспайды.
Павлодар
14 мамырда Павлодарда ауа температурасы - -1...+1, 16 мамырда қатты жауын-шашын болады, ал күндіз ауа температурасы - +17...+19 градус.
Петропавл
15 мамырда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы +8...+10 градусқа дейін төмендейді.
Семей
15 мамырда жауын-ашын болады. Ауа температурасы күндіз +12...+17 градус, ал түнде 0...+2 градус болады.
Талдықорған
Алдағы үш күндері бұлтты ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз +15...+17 градус болады.
Тараз
Таразда алдағы үш тәулікте күндіз және түнде жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз +21...+24 градус, ал түнде +8...+14 градус болады.
Орал
Алдағы үш күні бұлтты ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз +23...+25 градус, ал түнде +8...+11 градус болады.
Өскемен
15 мамырда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз +12...+17 градус, ал түнде 0...+5 градус болады.
Шымкент
14 мамырда жауын-шашын мен бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +26...+28 градусқа жетеді.
Алматы
Алматыда үш күн жауын-шашын жауып, бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +19...+23 градус болады. 16 мамырда ауа температурасы +7...+9 градусқа дейін төмендейді.
Астана
Бұлтты ауа райы болады. 15 мамырда жауын-шашын жауып, ауа температурасы +6...+8 градус болады. 16 мамырда күндізгі уақытта ауа температурасы +13...+15 градус болады.