Египетте қазақстандық туристер мінген автобус аударылып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
“29 тамыз күні сағат 4.30-да Хургада-Каир автотрассасында жолаушылар автобусы аударылған, салонда Каир қаласына экскурсияға шыққан 22 қазақстандық турист болған. Жол апатының салдарынан екі Қазақстан азаматы жарақат алып, жақын маңдағы “Рас-Гариб” елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілді”, - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Кеше кешке министрлік өкілі екі туристке толық медициналық көмек көрсетілуі үшін олардың Хусрада қаласындағы “Аль-Мысри” ауруханасына ауыстырылатынын хабарлаған.
Министрліктің айтуынша, қалған жолаушылардың денсаулығы қалыпты. Демалыстарын жалғастырып жатыр. Жағдайды Еипеттегі Қазақстан елшілігі бақылауына алған.