09 сәу, 2018 сағат 08:18

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК 9 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек  оңтүстік-батыста  жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, оңтүстік-шығыста найзағай  ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  түнде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман, көктайғақ болады.