ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан көкпаршыларының қатысатынын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы жалға ат ала алмауы себепті ойынға қатыса алмайтыны туралы ақпарат шыққан болатын.
«Күні кеше көптеген қазақстандық және қырғызстандық БАҚ Көкпардан Ұлттық құраманың III Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына қатысудан бас тартқаны жөнінде ақпарат шыққан болатын. Біздің тараптың ұйымдастырушыларға ойынның ережелері бойынша сұрақтары туындады. Бүгінгі таңда барлық мәселе шешілді. Біздің команда ойындарға қатысады, ешкім ешқайда кеткен жоқ. Ертең ұлттық құрама Ресейдің Красноярск өлкесінен келген командамен кездеседі», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева өзінің Фейсбук парақшасында.