Фото: CHROMORANGE / Ralph Peters / Alamy via Legion Media
Синоптиктер 6-8 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіліп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады.
"Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында құрғақ және ашық ауа райын сақтап, ауа температурасының көтерілу процесі жалғасады. Түнде еліміздің басым бөлігінде 1-7 градус аяз сақталады", - делінген хабарламада.