Сурет: ru.freepik.com
Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел, солтүстікте қарлы боран, оңтүстік облыстарда көктайғақ күтіледі.
"Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы, қалған аумақтарда төмендеуі күтіледі, бірақ қатты аяз күтілмейді", - делінген хабарламада.