20 ақп, 2023 сағат 12:38

"Болмайды дегенге көнбеді". Жұбаныш Жексенұлы италиялық келіні туралы айтты

Фото: "Өмір көркем" бағдарламасы

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы италиялық келінімен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Бұл туралы өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті. 

"Менің жеке өмірімде ешкімнің шаруасы болмауы керек деп ойлаймын. Италиялық келінім - мың келінге татитын келін. Ақылы көркіне сай. Ол консерваторияның пианино класын қызыл дипломмен бітірген музыкант, ал музыканттың соншалықты таяз болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Үлкен ұлым гитарист, үйде гитарист пен пианисттен туған кішкентай немерем бар", - дейді ол.

Әнші алғашында ұлының бұл таңдауына қарсы болғанын айтты. 

"Мен ауылда, нағыз қазақ отбасында, қазақ ортасында өстім. Басында, әрине, біз де қанша жыл қарсы болдық. Бір-бірін сүйіп, айтқанынан қайтпағанынан дегеніне жетті. Әрине, оны біз түсінбегесін емес, ол табиғи қазақы болмысымыздан. Әйтпесе, анасы да, мен де махаббат екенін, бір-бірін қалап тұрғанын түсіндік. Біздің тәрбие басқа. Жоқ, болмайды деп айтық, көнбеді. "Келініміз басқа ұлттан" дегенде әкем "ұлттың жаманы болмайды, адам дұрыс болсын" деп тоқтау салды", - дейді өнер иесі.